+7 (701) 759 90 19
USD 425.3 EUR 501.05
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Токио Олимпиадасында коронавирус жұқтырған адам саны 250-ге жуықтады

2021 жылғы 31 шілде 11:39
Бөлісіңіз:
Токио Олимпиадасында коронавирус жұқтырған адам саны 250-ге жуықтады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте Олимпиадада тағы 21 адамның коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Хабар24kz сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында инфекциялық стационарлардағы науқастар 4 есеге азайды Жаңа қаулы: Павлодарда ғимараттарды корпоративтік шара үшін жалға алуға тыйым салынды Жаңа қаулы: Павлодарда вакцина алмаған кәсіпорын жұмысшылары жұмыстан шеттетіледі

Сөйтіп, дүбірлі дода қатысушылары мен делегаттары арасындағы вирус жұқтыру оқиғалары 250-ге таяп қалды.

Жалпы шара өтіп жатқан Токио халқы арасында вирус жұқтырғандар көп. Осыған байланысты төтенше жағдай тәртібі 31 тамызға дейін ұзартылды. Соңғы кезде қалада ахуалдың нашарлауы Олимпиадамен байланысты деген әңгімелер айтылып жүр. Алайда осы күнге дейін шара қатысушыларынан жергілікті тұрғындарға індеттің жұғу дерегі тіркелмеген.

Мамандардың түсіндіруінше, бәріне «дельта» штамы себеп. Сондай-ақ вакциналау науқанының баяу жүруі де әсер еткен болуы мүмкін.

«Билік вирустың таралуын тежеу үшін төтенше жағдай тәртібін ұзартты. Алайда оның пайдасы шамалы сияқты. Өйткені бұл тәртіпке қарамастан мейрамханалар жұмыс істеп тұр. Адам көп. Меніңше, билік тұрғындардың жүріс-тұрысын шектеуі керек. Мүмкін сонда бұл шара өз тиімділігін көрсететін шығар»,-дейді жергілікті тұрғын Наоки Тамура.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT