Токио Олимпиадасының қатысушыларына арналған допингке қарсы ереже жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттік (БДҚА) Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарының допингке қарсы ережелерін жариялады, деп хабарлайы ҚазАқпарат ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің ресми сайтындағы хабарламаға қарағанда, ХОК Бүкіләлемдік допингке қарсы кодекске қол қоюшы тарап және Олимпиада ойындарының допингке қарсы ережелерін анықтайтын өкілетті орган ретінде жаңартылған кодекс пен халықаралық стандарттарға, сондай-ақ 2021 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген тыйым салынған препараттар мен әдістердің тізіміне сәйкес болуы үшін қолданыстағы ережеге түзету енгізді.

Жаңа ереже Олимпиаданың 13 шілдедегі ашылуынан кейін 8 тамызда жабылуына дейінгі аралықта күшінде болады.

Допингке қарсы ресми ережелермен Қазақстанның допингке қарсы агенттігінің сайтынан танысуға болады,


Соңғы жаңалықтар