Төлеби ауданында биыл 2 мектеп пайдалануға беріледі

None
None
ТӨЛЕБИ. ҚазАқпарат - Түрікстан облысы Төлеби ауданында 2 жаңа мектеп салынып, 1 білім ошағы кеңейтілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, Қайнар және Ақбастау елді мекендерінде 200 орындық екі бірдей жаңа мектептің, Ленгір қаласындағы №1 мектеп-гимназиясына қосымша оқу корпусын салу үшін қаржы қаралған. Құрылыс жұмыстары белгіленген кестеге сәйкес жүргізілуде. Ғимараттардың құрылысы былтыр басталған.

Айта кетерлігі, ауданда тағы 4 мектептің құрылысын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттамаларының оң қорытындысы алынып, қаржыландыруға ұсынылған. Сондай-ақ, 1 мектептің құрылысын жүргізуге қажетті құжаттар әзірленуде. Ал, Ленгір қаласындағы 80 орындық оқушылар үйінің құрылыс-монтаж жұмыстарын қаржыландыру «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында қолдау тапқан.


Соңғы жаңалықтар