Төлеби ауданында «Марафон-2019» жүгіру жарысы өтті

None
None
ТӨЛЕБИ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Төлеби ауданында «Марафон-2019» жүгіру жарысы өтті. Марафон таңғы уақытта Ленгір қаласының Шаңырақ аллеясынан басталып, 1-мөлтек аудандағы Спорт кешенінде аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жүгіру жарысына ерлер арасында 14-20, 20-30, 40 жастан жоғары, әйелдер арасында 14-20, 20 жастан жоғары азаматтар қатысты. Мұнан соң жаңадан бой көтерген спорт кешенінде «Төлеби ауданы ойындары-2019» жобасының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараға қатысқан аудан басшысы Бауыржан Омарбеков шараның маңыздылығына тоқталып, спортшыларға алдағы уақытта сәттілік тіледі.

«Халық денсаулығын жақсартуға бағытталған бүгінгі игілікті іс өмір салтымызға айналып, жастарымыздың рухын, аудан халқының бірлік пен ынтымағын арттырып, салауатты өмір салтына шақыратыны анық»,- деді аудан басшысы.

Шара барысында «Төлеби ауданы ойындары-2019» жобасында футбол, баскетбол, волейбол, қазақ күресі, еркін күрес, тоғызқұмалақ, шекемтас, аударыспақ, көкпар сынды спорт түрлерінен сынға түскен спортшылар марапатталып, сый-сияпаттар табысталды.

Сонымен қатар жалпы 4,6 шақырым жерді жүгіріп өткен, белсенділік танытқан аудан тұрғындары да марапатталды. Оларға ұйымдастырушылар тарапынан сыйлықтар тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар