+7 (701) 759 90 19
USD 417.02 EUR 505.51
RUB 5.59 CNY 64.52
Jańalyqtar

Төлеби ауданында спорттық нысандар бой көтереді

2021 жылғы 19 қаңтар 14:40
Бөлісіңіз:
Төлеби ауданында спорттық нысандар бой көтереді

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Төлеби ауданында Көксәйек және Мәдени елді мекенінде спорт кешендері бой көтеретін болды. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттарының оң қорытындысы алынып, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына ұсынылған, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада 156 мың АҚШ доллары жүлде қорымен теннис турнирі өтеді Жапония келесі айдан бастап Олимпиада спортшылары үшін шекараны ашуы мүмкін Теннис: Александр Бублик Сингапур турнирінің финалына шықты

Сонымен қатар, Бірінші Мамыр елді мекенінде заманауи үлгідегі спорттық-сауықтыру кешенін және футбол алаңшасын салу үшін 2,50 га жер телімін бөлу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Момынай және Киелітас елді мекендерінен ауылдық мәдениет үйлерінің құрылысын салу үшін демеушілер есебінен жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде.

Айта кетерлігі, жыл сайынғы «Үздік елді мекен», «Үздік көше» және «Үздік аула» номинациясы бойынша жүлделі орын иеленген Киелітас, Қоғалы, Зертас және Тасарық ауылдық округтеріне балалар ойын алаңшасын орнатуға 30 млн теңге қаржы қаралған. Аталған ауылдық

округтерде балаларға арналған ойын алаңшалары орнатылатын болады.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT