Төлеби ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері талқыланды

None
None
ТӨЛЕБИ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Төлеби ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері талқыланды. Аудан әкімі Бауыржан Омарбековтің төрағалығымен өткен жиынға сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы мен аудандық мәслихаттың хатшысы Н.Қойбағаров, аудан прокуроры Д.Тлемисов қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сондай-ақ, отырысқа қала, ауылдық округ әкімдері, аудандық дербес бөлім, құқық қорғау органдарының басшылары мен мемлекеттік қызметкерлерім де арнайы шақырылды. Кездесу барысында аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің 8 ай қорытындысы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларының орындалуы сөз болды. Бұл бағытта атқарылған шаралар мен «Төлеби ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларының орындалуы жайы қамтылды. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне кіру тәртібі және өзге де мәселелер айтылды. Атап айтқанда, қызмет бабына жіберілген кемшіліктер мен тәртіптік жауапкершілік комиссия назарына алынды. Қаралған мәселелерден соң, аудан басшысы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша тиісті шаралар қабылдап, оны болдырмау мен алдын алу жұмыстарын ұйымдастыруды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар