Төлеби ауданының прокуроры тұрғындарды құқық бұзушылықтың алдын алуға шақырды

None
None
ТӨЛЕБИ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Төлеби ауданының прокуроры Дәулет Тлемісов жергілікті халықпен кездесіп, тұрғындарды құқық бұзушылықтың алдын алуға шақырды.

Бірінші Мамыр және Алатау ауылдық округтерінде өткен жиынға аудандық мәслихат депутаттары мен ауылдық округ әкімдері, полиция инспекторлары мен ауыл имамдары мен тұрғындар қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жиын барысында құқық бұзушылықтың алдын алу және қолданыстағы заңнамалардың талаптары түсіндірілді. Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы құқықтық профилактикалық мәселелер талқыланды. Аудан прокуроры балаларға қаталдық таныту және сексуалдық зорлық-зомбылық көрсету бүгінгі қоғамның басты проблемалары екенін атап өтті.

Бұл проблемалар мен қылмыстардың қоғамда қауіпті болып отырғанын ерекше жеткізді. Сондай-ақ, құқықбұзушылық әрекетпен бетпе-бет кездескен жағдайда атқарылуы тиіс жұмыстар туралы бағыт-бағдар беріп, бірлескен іс-шаралар арқылы ғана қылмыспен күресуде оң жетістіктерге жетуге болатынын ескертті. Бұл бағытта қылмыспен ел болып, бірігіп күресуге шақырды. Кездесу соңында аудан прокурорына округ тұрғындары өздерін мазалап жүрген сұрақтарын қойып, заң аясында жауаптарын алды.

Соңғы жаңалықтар