Төлебилік прокурор ауыл тұрғындарының мәселесімен танысты

None
None
ТӨЛЕБИ. ҚазАқпарат – Түркістан облысы, Төлеби ауданы прокуратурасының бастамасымен елді мекендердің ахуалымен, тұрғындардың тұрмыс-тіршілігімен жақын танысу ісі қолға алынды.

Қадағалаушы орган өкілдері ауылдарды аралап, аумаққа тән меселелерді талқылауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Прокурорлар елді мекендердегі туындаған проблемалардың шешу жолдарын қарастыру мен халыққа қолданыстағы заңнамалардың талаптарын түсіндіруді, құқықтық бұзушылықтың алдын алу мен кәмелет жасқа толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қатысты деректерді болдырмау мақсатында Кемеқалған, Киелітас ауылдық округтерінде кезекті кездесу өткізді.

Жиынға Төлеби ауданының прокуроры Д.Тлемісов, Төлеби аудандық полиция бөлімінің бірінші орынбасары К.Миркасов, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, полиция инспекторлары мен ауыл тұрғындары қатысты.

Кездесу барысында аудан прокуроры аудандағы қылмыстылық жағдайды, оның ішінде пәтер және мал ұрлықтары, алаяқтық, бұзақылық туралы атап өтіп, құқықтық бұзушылықтың алдын алу және кәмелет жасқа толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қатысты деректерді болдырмау мақсатында заңнама талаптарын кеңінен түсіндіріп, ұлтаралық татулықты сақтауға шақырды. Сондай-ақ, аудан прокуроры ауыл тұрғындарына алаяқтық қылмыстарға ұрынып қалмау және құқықбұзушылық әрекетпен бетпе-бет кездескен жағдайда атқарылуы тиіс жұмыстары туралы құқықтық бағыт-бағдар берді.

Учаскелік полицияның тұрғындармен тығыз байланыста болуын айта отырып, учаскелік полицияның суреті, аты-жөні, номері жазылған парақшаның бірқатар мекемелерге ілінуін тапсырды. Жиын соңында аудан прокуроры ауыл тұрғындары қойған сұрақтарына заң тұрғысында жауап берді. Сонымен қатар, халыққа қолданыстағы заңнамалырының талаптарын түсіндіру бойынша ақпараттық парақшалар таратылды.

Соңғы жаңалықтар