Төрт облыстың аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

8 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.

8 шілдеде Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, күн күркірейді.

Сол күні Нұр-Сұлтан қаласында найзағай күтіледі.

8 шілдеде түнде және таңертең Көкшетауда найзағай ойнайды.

8-10 шілдеде күндіз Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық 40-42 градус сақталады.


Соңғы жаңалықтар