+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Төтенше жағдай режимін алып тастау қателік болды ма - Тоғжановтың жауабы

2020 жылғы 2 шілде 18:43
Бөлісіңіз:
Төтенше жағдай режимін алып тастау қателік болды ма - Тоғжановтың жауабы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бұған дейінгі қатаң шектеу шараларын, сонымен бірге төтенше жағдай режимін алу қателік болды ма? Бұл сұраққа қатысты бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ұлттық құрамалар жаттығуларына қайта кіріседі Карантин жеңілдетілді: 17 тамыздан қандай нысандар жұмысын бастайды Алматыда 70 мыңнан астам мұғалім мен оқушыға компьютер қажет

«Жалпы мұны қателік деп есептемеймін. Қатаң шектеу шараларын енгізу, атап айтқанда төтенше жағдай режимі сайып келгенде бастапқы кезеңде вирустың жаппай таралу қаупін тежеді. Медициналық базаны даярлауға белгілі бір уақыт керек еді. Міне, басты мәселенің бірі осы деп ойлаймын. Сонымен қатар, ол кезде халық да дайын емес еді. Халықты белгілі бір санитарлық нормалар мен талаптарға үйрету керек болды. Мемлекет әрдайым төтенше жағдай режимінде өмір сүре алмайды. Экономика жұмыс істеп тұруы тиіс. Ел азаматтары еңбек етіп, айлық таба алуы керек. Әу бастағы міндет – санитарлық режимді күшейте отырып, карантин талаптарын кезең-кезеңімен алу еді», - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Оның айтуынша, бұрын қойылған бұл талаптар күшінде қалған.

«Тіпті коронавирустың екінші толқыны да күтілген. Біз барлық мәселеге дайын болуымыз керек. ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері 20 күн бұрын барлық өңірге, нақты әкімдердің бәріне міндет жүктеді. Ауру жағдайына қарай әр әкім нақты шараларды қабылдайды», - деді Ералы Тоғжанов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT