Төтенше жағдай режимін бұзған 16 мыңнан астам қазақстандық ұсталды - министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –16 наурыздан бастап Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 16 мыңнан астам адам ұсталды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«16 наурыздан бастап төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 16 мыңнан астам адам ұсталды. Оның ішінде 12 мыңнан астамы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 4 мыңнан астам материал сот қарауында», - деді министр «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен.

Сонымен қатар, ол Ішкі істер министрлігі індет жұқтырған адамдармен байланыста болғандарды анықтау жұмыстарын жүргізіп жатқанын атап өтті.

«Денсаулық сақтау органдарының сұрауы бойынша полиция 6,5 мыңнан астам адамның тұрғылықты жерлерін анықтады. Қазіргі кезде іздеу шаралары тек 7 адамға қатысты жүргізілуде», - деді Дәурен Абаев.


Соңғы жаңалықтар