+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылғандарға ақшалай төлем қалай беріледі

2020 жылғы 25 наурыз 18:13
Бөлісіңіз:
Төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылғандарға ақшалай төлем қалай беріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылған Қазақстанның жұмыс істейтін азаматтары Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ақшалай төлем алады. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-да төтенше жағдай талабын бұзған ақтөбелік жүргізуші қамауға алынды ШҚО-да бір күнде төтенше жағдай режимін бұзған 7 кәсіпкер анықталды Қызылордада ауыл әкімі төтенше жағдай кезінде тойға барған

«Кеше хабарлағанымдай, БАҚ пен азаматтардың келіп түсіп жатқан сауалдардың басым бөлігі төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты табысынан айырылғандарға ақшалай төлем жасауға қатысты болып отыр. Жалақысыз еңбек демалысына мәжбүрлі түрде шығуына байланысты төтенше жағдай кезеңінде кірісінен айырылған Қазақстанның жұмыс істейтін азаматтары Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алады. 1 жұмысшыға әлеуметтік өлемнің көлемі айына 1 ең төменгі жалақыны немесе 42,5 мың теңгені құрайды», - деді министр.

Оның атап өтуінше, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жаңа төлем Қазақстан аумағында жұмыс істейтін ел азаматтарына беріледі. Төлем алудың арнайы шарттары да бар. Алдымен төтенше жағдайдың жариялануына байланысты жалақысы сақталмай демалысқа жіберілген жұмысшыға әлеуметтік төлем беріледі. Төлем алу үшін төтенше жағдай енгізілген датаға дейінгі соңғы 12 айдың кемінде 3 айында азаматтары Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жұмысшы үшін аударым жасалуы қажет.

Әлеуметтік төлем орта, шағын және микробизнес жұмысшылары үшін ғана жүзеге асырылады. Жаңа әлеуметтік төлемді тағайындау үшін жұмыс беруші жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органға жүгініп, төтенше жағдай кезінде қызметінің шектелуіне байланысты жұмысшысының кірісінен айырылатынын дәлелдейтін құжат ұсынуы қажет.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT