Трансұлттық қылмыстық топқа мүше қазақстандық Ресейде ұсталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырды деген күдікпен еліміздің тұрғыны Ресейдің Мәскеу облысынан ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушыға іздеу жарияланған. Ол трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың өкілі болған және ол Мәскеу облысының Химки қаласында қолға түсті.

Осыған байланысты 2013-2018 жылдар аралығында Ресей мен Қазақстан азаматтарынан құралған топ букмекерлік кеңсе ретінде жұмыс істеп жатқан сыңай танытып, заңсыз ойын бизнесін – электронды казино ұйымдастырған.

39 жастағы ер адам құқық қорғау органдарынан жасырынып, 2019 жылдан бері іздеуде жүрген.

Оған қазір трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты басқарды немесе деген айып тағылып отыр.

Қазіргі таңда ұсталған адам Ресей Федерациясы Химки қаласының уақытша ұстау изоляторында жатыр. Оны Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қаралуда.

«Елорданың тәртіп сақшылары жеде-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Оның барысында 24 қылмыскер қолға түсіп, із-түзсіз кеткен 17 адам анықталды. Қазақстан аумағынан тыс жерде іздеуде жүрген екі қылыскер ұсталды»,-делінген Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар