Түлкібас ауданында тұрмысы төмен 3800 отбасының балалары оқу жабдықтарымен қамтылған

None
None
ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат - Түлкібас ауданындағы 60 білім ошағында 23 256 оқушы білім алуда. Қазіргі таңда 24 жалпы орта білім беретін мектепте 2 239 (9,6%) оқушы штаттық режимде оқытылуда. Ал, 1-4, 5, 9, 11-сынып оқушыларының ата-аналар өтініштері негізінде 849 кезекші топта 9 559 (41,1%) оқушы білім алуда. Ауданда үш аусымда оқытылатын мектеп жоқ, деп хабарлайды аудандық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Карантин режиміне байланысты қашықтан оқып жатқан мектеп оқушыларына ҚР Үкіметі резервінің қаражатынан 354 планшет, 410 компьютер, 3033 ноутбук құрылғылары сатып алынып, уақытша пайдалануға берілді. Сондай-ақ, аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен демеушілер есебінен 5 смартфон, 50 планшет құрылғысы тұрмыс жағдайы төмен отбасылардың балаларына қайтарымсыз сыйға берілген.

Жалпыға міндетті білім қорының есебінен 1638 кәмелетке толмаған аз қамтамасыз етілген отбасы балалары ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп, 2647 аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына 25 000 теңгеден қаржылай көмек берілген.


Соңғы жаңалықтар