Түлкібас ауданындағы барлық мектепте «Адалдық сағаты» өтті

None
None
ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Түлкібас ауданындағы барлық мектептерде жалпы республикалық «Адалдық сағаты» өтті. Бұл күні аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков Абай мекеп-гимназиясының акт залында оқушыларымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еркін форматта өткен шараға аудан басшысынан бөлек Қазақстан Республикасы «Білім беру ісінің үздігі», Түлкібас ауданының «Құрметті азаматы» Қ.Анашев арнайы қатысып, ел болашағы жастармен адалдық, парасат, әділдік пен сенім сынды тақырыптарда әңгіме өрбітті.

Айта кетейік, Елбасы 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында жемқорлықпен белсенді күресу жалғасатынын айтқан болатын. Осыған орай, шараның ашылу салтанатында аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ауданда жергілікті атқарушы органдар тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар барысы жайында ауқымды баяндама жасады.

Әкім қазақ халқының ұлы тұлғалары айтып өткен адалдық туралы терең мағыналы ұлағатты сөздердің тәрбиелік мән-мағынасын ашып, өскелен ұрпаққа түсіндіріп өтті.

Кездесу барысында оқушылар тарапынан тақырып аясында сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.

Соңғы жаңалықтар