Тұман, көктайғақ, екпінді жел: 27 желтоқсан күнгі ауа райы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Синоптиктердің болжауынша жұмада еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазақстан аумағының батыс бөлігіне Қара теңіз аймақтарынан ауысатын циклон әсер етеді, сондықтан батыс пен солтүстік-батыстың кей жерлеріңде жаңбыр, қар жауады. Қалған өңірлерде атмосфералық қысым жоғары болады, сондықтан ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с.

Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болуы ықтимал, жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Муғалжар ауданында желдің екпіні 18 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, күндіз бұрқасын, көктайғақ, жел тұрады, жылдамдығы 18 м/с.

Алматы облысының түнде кей жерлерінде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Атырау облысында көктайғақ болады.




Соңғы жаңалықтар