Тұман, жауын, жел - бейсенбіге арналған ауа райы болжамы

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазгидромет 19 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алдағы тәулікте Қазақстан территориясына антициклон ықпалын тигізеді. ҚР басым бөлігінде жаңбыр, солтүстік пен оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, дауыл, желдің күшеюі, батыс, солтүстік пен орталықта түнде және таңертең тұман түседі.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының басым бөлігінде желдің 15-20, күндіз екпіні 23-28, солтүстік-шығыста кей уақыттарда 30 м/с және одан аса күшеюі, солтүстігі, батысы мен шығысында бұршақ, дауыл соғады.

Қарағанды облысында желдің түнде солтүстігі мен батысында 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28, солтүстігінде 30 м/с және одан аса күшеюі, түнде солтүстігі мен шығысында тұман түседі.

Түркістан облысының тауларында дауыл, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен оңтүстігінде бұршақ, дауыл, күндіз солтүстігі, солтүстік-шығысында желдің 15-20 күшеюі күтіледі. Павлодар облысының басым бөлігінде күндіз желдің 15-20, батысында екпіні 23 м/с күшеюі, түнде батысында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында бұршақ, желдің 15-20, екпіні 23 м/с күшеюі күтіледі. Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында бұршақ, дауыл, оңтүстік-батысы, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Ақтөбе облысының солтүстігі мен шығысында, күндіз Қызылорда облысының орталығында желдің 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының батысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында, Қызылорда облысының орталығында өрт қауіпі жоғарлайды.


Соңғы жаңалықтар