Тұңғыш Президент күні: Атырауда «Мемлекеттік қызметшілер аллеясы» ашылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда «Мемлекеттік қызметшілер аллеясы» ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырауда 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай «Мемлекеттік қызметшілер аллеясының» ашылу салтанаты өтті. Шараға облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысты.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Салауат Мүксімовтің айтуынша, аллеяда әйнектен жасалған 11 стенд орналастырылған. Онда еліміз тәуелсіздік алған сәтінен бері мемлекеттік қызметті дамытудың маңызды үш кезеңі қамтылған. Стендтерде мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен жариялылығының көрінісі сипатталған.

«Аллея «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға үлес қосып жүрген мемлекеттік қызметшінің еңбек жолын одан әрі ұлықтай түсеріне сенімдіміз. Мұнда әйнектен жасақталған стендтер мен мемлекеттік қызметке жаңадан келген қызметшілердің ашық аспан астында ант қабылдауына арналған ортақ алаң жасалған», - дейді Салауат Мүксімов.


Соңғы жаңалықтар