Тұңғыш Президент күні: Қарағандыда 170 полицей марапатталды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күнінде Қарағанды облысының үздік полицейлері сый-сияпатқа ие болды. Осы күні адамды ажалдан аман алып қалған батыр-полцей де марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қарағандылық полицейлер ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне арналған салтанатты шара ұйымдастырды. Барлық қызметкерлерді осы атаулы күнмен Қарағанды полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин құттықтады.

«Қазақстан ішкі істер органының тарихы Нұрсұлтан Назарбаевтың қайраткерлігімен тікелей байланысты. Бүгінде Қазақстанды бүкіл әлем жұртшылығы бейбітсүйгіш және өркендеген ел ретінде біледі. Елбасы ішкі істер органдарына ұдайы үлкен қолдау көрсетіп келеді»,-деп атап өтті Департамент бастығы.

ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай Ішкі істер министрі және Департамент бастығының бұйрығымен 178 қызметкер марапатталды.

Олардың арасында кіші лейтенант Ерлан Амалбаев та бар. Ол ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен «Құқық тəртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен наградталды.

Еске сала кетсек, биылғы жылдың 4 шілдесінде қаладағы 45 орам аумағында Ерлан саяжолдың жиегінде жатқан ер адамды, оның маңында асып-сасып жүрген әйелді байқап қалады. Полицей бірден оған көмек қажет екендігін түсінген. Жақындап келген сәтте қояншық талмасы ұстап жанталасып жатқан ер адамды көреді. Шұғыл көмекке ұмтылған Ерлан әлгі азаматты ажалдан аман алып қалды.

Салтанаты шара Қарағанды облысы ПД қызметкерлерінің күшімен қойылған концертпен аяқталды. Мерекелеу кезінде Тұңғыш Президенттің өмірі арқау болған видео көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар