Тұңғыш Президент күні Көкшетауда жеті сәби дүниеге келді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Тұңғыш Президент күні Көкшетау перзентханасында жеті бала дүниеге келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«1 желтоқсан-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. Дәл осы күні, осыдан 30 жыл бұрын, ел тұрғындары Нұрсұлтан Назарбаевты Мемлекет басшысы ретінде таңдады. Осы мереке күні Көкшетау қаласында 7 бала дүниеге келді, оның ішінде 2 қыз және 5 ұл. Жаңа туған нәрестелерге мықты денсаулық, олар әлемнің табысты мемлекеттерінің қатарына сеніммен енген өз елін сүю тілегіміз келеді», – делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Перзентхана қызметкерлерінің мәліметінше, жаңа туған нәрестелердің жағдайы жақсы.


Соңғы жаңалықтар