Тұңғыш Президент күнінде қандай тележобалар көрерменге жол тартады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 1 желтоқсанда ҚР Тұңғыш Президенті күні мерекеленеді. ҚазАқпарат осы айтулы күнге арналған жобалардың шолуын ұсынады.

«Хабар» телеарнасынан «Елбасы. Тәуелсіздік шежіресі» атты әрқайсысы 30 минуттық 15 эпизодтан тұратын туынды қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі.

Бұл – Тұңғыш Президенттің әр жылдағы негізгі бастамалары мен жобаларын кино тілімен баяндаған фильмдер топтамасы.

Эфирге 29 қараша мен 17 желтоқсан аралығында шығады.

Сондай-ақ, «Хабар» телеарнасының эфиріне «Тәуелсіздік сезімдері» атты деректі сериал жол тартады.

Әрқайсысы 40 минуттық 6 сериядан тұратын топтама Тәуелсіз Қазақстанда болған тарихи оқиғаларды кейіпкерлердің аузымен қазақ және орыс тілдерінде баяндайды.

Эфирге 13-18 желтоқсан аралығында шығады.

Тәуелсіздік таңы енді атқан тұста Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сырттағы қандастарды елге қайтару жөнінде бастама көтерді.

Әрқайсысы 40 минуттық 12 сериялы «Тұмар» телехикаясы қандастардың Қазақстанға қоныстану тарихынан қазақ және орыс тілдерінде сыр шертеді.

Эфирге шығатын уақыты – «Хабар» телеарнасы: 29 қарашадан 14 желтоқсанға дейін.

«Бір күннің тарихы» – 30 сериялы деректі фильм. Бұл жоба арқылы автор Қазақстанның тәуелсіздігі жариялағанға дейінгі және кейін 15 күннің шежіресін баяндайды.

Туынды Qazaqstan телеарнасының эфирінен 1-30 желтоқсан аралығында қазақ тілінде көрсетеді. Оның әр сериясы 3 минутқа созылады.

«Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі әзірлеген «Бейбітшілік пен келісім жолында» деректі фильмі жас мемлекетте бейбітшілік пен келісім саясатының қалыптасуы және даму тарихы туралы мәлемттер көрсетіледі.

Орыс тілінде түсірілген 5 бөлімнен тұратын фильмнің жалпы ұзақтығы – 150 минут. Эфирге 10 желтоқсаннан бастап шығады.


Соңғы жаңалықтар