Тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге бюджеттен 30 млрд теңге бөлінеді– депутат

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазіргі уақытта елімізде 78 мың тұрғын үй бар. Оның 18 мыңы күрделі жөндеуді қажет етеді. Бұл туралы ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Сапар Ахметов «Астана -Теплотранзит» АҚ жұмысшыларымен кездесуде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы уақытқа дейін көптеген заң жобасы қабылданды. Соның ішінде коммуналдық шаруашылық, ауыл шарауашылықты модернизациялау және т.б. бар. Мен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылы саласына қатысты заң жобасына тоқталып өткім келеді. Мен жұмыс тобының басшысы болдым. Біз тұрғын үйге қатысты заңды түгел қайта қарап шықтық. Біз бірінші рет жергілікті атқарушы органдарына бюджет қаражаты есебінен тұрғын үйлердің инженерлік желілеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу, лифт ауыстыру құқығын бердік», - дейді Мәжіліс депутаты Сапар Ахметов.


Бұған дейін мұндай жұмыстарға бюджеттен қаражат бөлінбейтін.

«2020-2021 жылдар аралығында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін республикалық бюджеттен 30 млрд теңге бөлінеді. Бұл қаражатты аймақтарға бөлген кезде әр облысқа кем дегенде 2 млрд теңгеден келеді. Осы қаражатқа 800 тұрғын үйге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге болады», - дейді депутат.

Сондай-ақ, ол тұрғын үйлерді басқару толығымен өзгергені туралы айтты.

«Қазіргі уақытта жұмыс істеп жатқан ПИК (КСК) алдағы үш жыл ішінде жұмыс істейді, бірақ басқару органы – Үй кеңесі болып саналады. Үй кеңесі меншік иелері қауымдастығының, басқаратын компанияның және пәтер иелері кооперативінің жұмысын қадағалайтын болады. Бұдан былай қанша қаражат жинап, оны қайда жұмсау керек екендігін үй тұрғындары шешетін болады. Сәйкесінше тұрғын үй тұрғындары белсенді болулары керек. Заң жобасында тұрғын үйлерді басқаруға қатысты барлық нормалар жазылған», - дейді ол.


Ол бір жарым жыл бойы қандай заң жобасымен жұмыс істегендері туралы тоқталып өтті.

«Қазіргі уақытта елімізде 78 000 тұрғын үй бар. Оның 18 мыңы күрделі жөндеуді қажет етеді. Тұрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу мақсатында есепшот ашу үшін Тұрғын үй жинақ банкін іске қосамыз. Сондай-ақ, аталған жұмыстар үшін банк қосымша қаражат бөледі. Бұл жерде де қаражат нені жөндеуге кететінін үй тұрғындары өздері шешеді. Бір жарым жыл бойы осы заң жобасы бойынша жұмыс істедік», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар