Түрікменстан денсаулық сақтау министрлігі халықты маска тағуға шақырды

None
None
АШХАБАД. ҚазАқпарат - Түрікменстан денсаулық сақтау және медициналық өнеркәсіп министрлігі халықты маска тағуға шақырып, хабарлама жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Туркменистан сегодня» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

«Соңғы күндері Ашхабад қаласы мен уәлаятарда атмосфералық ауаның жай-күйіне жүргізілген талдау бойынша, Түрікменстан аумағына оңтүстік-шығыстан, солтүстік-шығыстан және солтүстіктен келген ауа ағынына байланысты ауадағы шаңның жоғары мөлшері тіркелді. Бұл адам денсаулығына, ең алдымен тыныс алу жүйесіне зиян.

Жаз мезгілінде ауа райының адам ағзасына жағымсыз әсерін болдырмау үшін отбасылық дәрігермен үнемі кеңесіп, алдын алу шараларын күшейту қажет.

Мұндай күндері ауадағы шаңның көбеюіне байланысты табиғи-экзогенді ықпалды төмендету мақсатында жеке қорғаныс құралдарын - медициналық маскаларды тағуға кеңес береміз», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Түрікменстан денсаулық сақтау министрлігі адамдарға 1 метр қашықтықты, жеке және қоғамдық гигиена ережелерін сақтау қажеттігін ескертті.


Соңғы жаңалықтар