Түрікменстан Қазақстандағы жағдайдың тезірек қалыпқа келетініне сенім білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түрікмен тарапының бастамасымен ҚР Премьер-Министрі орынбасарының міндетін атқарушы-Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары-Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әңгіме барысында Р.Мередов Президент Қ.Тоқаевтың атына Президент Г.Бердымухамедовтың қолдау сөзін жеткізіп, Түрікменстанның Қазақстан халқына кез келген қажетті көмек көрсетуге дайын екенін растады.

Ол Қазақстандағы жағдайдың тезірек қалыпқа келетініне сенім білдірді.

М.Тілеуберді елдегі ағымдағы жағдай және ҚР басшылығының жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан күш-жігері туралы хабардар етті, сондай-ақ бауырлас Түрікменстанға қолдағаны үшін шынайы алғысын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар