Түрікменстандағы Nowruz мерекесі несімен ерекшеленеді

None
None
АШХАБАД. ҚазАқпарат – Түрікмен халқында Наурыз мерекесіне қатысты ырымдар бар. Мысалы, Наурыз бұлтты болса, осындай ауа райы маусымның ортасына дейін сақталады. Ал егер Наурызда қар немесе жаңбыр жауса, сол жылы астық мол болады. ҚазАқпарат агенттігі «Türkmenistanyň Döwlet habarlar agentligi» материалдарының негізінде осы елде Наурыздың қалай тойланатыны туралы материал ұсынады.

Түркіменстанда жастар көктемнің келуін түрлі дәстүрлі ойындармен қарсы алады. Наурызда маусымның бірінші ат жарысы, сонымен қатар алабайлар төбелесі өтеді. Енді Наурыз-байрам кезінде Әйелдер күні, Аналар күні тойланатын болды, бұл қоғам өмірінде әйелдер рөлінің мойындала бастағанын білдіреді.

Жыл сайын Наурызды тойлауға әлемнің түрлі елдерінен көптеген қонақ келеді.

Мерекенің ең басты жаңалығы «Nowruz ýaýlasy» алаңында түрлі шаралар өтеді. Онда түркімендердің ауылдағы тіршілігін бейнелейтін көлемді экспозиция құрылады. Түрлі кілемдермен әсемделген киіз үйлер қойылады, ауылға үй жануарлары әкелініп, далада қазандар қайнап жатады. Түрлі шеберханалар мен шығыс базары орнатылады. Халықтың көңілін көтеретін әртістер өнер көрсетеді, үздік аспазшылар ұлттық тағамдар әзірлеп жатады.

Бір топ әйелдер дәндерді өңдеудің кезеңдерін көрсетеді. Келесі тапшандарда қамыр жазылып жатады. Далаға орнатылған пештерде күлшелер пісіріледі. Қазандарда пишме, Наурыз тағамдары – семени мен түркімен палауы дайындалып жатады.

Мереке кезінде ұлттық ойындарға ерекше көңіл бөлінеді. Арқан бойымен жүретін әртістер көңіл көтеруге келген халықты таңдандырады. Балалар асық ойнайды. Қонақтарға киіз үйдің қалай жиналатыны көрсетіледі. Кезінде көшпенді өмір салтын ұстанған шопандар мен аңшылар киіз үйде тұрған. Кейбір көрермендерде оны құрып көруге мүмкіндік беріледі.

Бұрыннан келе жатқан Куштдепти биі биленеді. Жас бахшилар биі көрермендерді ерекше әсерге бөлейді. Онда ұлттық мәдениетке тән қимылдар бар. Бұдан Наурыз мерекесін тойлауда өзгеріс бар екенін, алайда жас ұрпақтың өз салт-дәстүрінен алыс кетпегенін байқауға болады.


Соңғы жаңалықтар