Түркістан қаласы үш бағытта дамып келеді – Өмірзақ Шөкеев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы атты» халықаралық бейнеконференцияда облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев қалада жаңадан бой көтерген нысандар туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Түркістан қаласы қайта түлеуді бастады. Түбі бір түркі елдері рухани орталық ретінде қастерлейтін Түркістан қаласы қазір алып құрылыс алаңына айналды, дамудың жаңа сатысына көтерілді. Қала қазір 3 бағытта дамып келе жатыр. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі аумағы толығымен абаттандырылып, келушілерге қолайлы жағдай жасалуда. Ясауи мен Рәбиға Сұлтан Бегім кесенелерін қалпына келтіру, Әзірет Сұлтан қорық-мұражайының аумағын абаттандыру, Күлтөбе көне қонысының тарихи орындарын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Тарихи, мәдени орталық көз қуантатындай жасалып келеді. Осындай рухани, мәдени орталықта Визит орталығы, «Ұлы дала» орталығы, Ясауи музейі, Фараб кітапханасы, театр, республикамыздағы алғашқы халықаралық туристік және меймандостық университеті сияқты бірнеше маңызды нысан бой көтерді», - деді аймақ басшысы.

Еске салсақ, 31 наурызда ТМЫК-тың бейресми саммиті онлайн режимде өткен болатын.


Соңғы жаңалықтар