Түркістан қаласында 5 мыңға жуық отбасына 50 мың теңгеден көмек берілді

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласында тұратын 4852 отбасыға 50 мың теңгеден аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арнайы көмек алғандардың қатарында аз қамтылған және көпбалалы, көмекке мұқтаж 2273 адам және 2404 мүмкіндігі шектеулі азамат бар.

Сонымен бірге мүгедек бала күтімімен отырған 15 жанұяға және ҰОС мүгедектері, оларға теңестірілген 160 адамға көмек қаражаты аударылды.

Айта кетейік, мұқтаж отбасылардың тізімі Түркістан қаласы әкімдігінің тиісті бөлімі базасындағы дерек бойынша әзірленді.

Сонымен бірге партияға келіп түскен өтініштер де негізге алынды.

Жалпы, Түркістан облысы бойынша «Birgemiz» қоры арқылы 38 907 отбасына 50 мың теңге берілген болатын.

Өңір тұрғындары партияның бұл бастамасын жоғары бағалап отыр.


Соңғы жаңалықтар