+7 (701) 759 90 19
USD 420.65 EUR 505.03
RUB 5.64 CNY 65.01
Jańalyqtar

Түркістан қаласында Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені салынады

2021 жылғы 23 ақпан 19:03
Бөлісіңіз:
Түркістан қаласында Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені салынады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласында Бекзат Саттарханов атындағы дарынды балалардың спорт мектебінің жаңа жобасы мақұлданды.

Ұқсас жаңалықтар
Түркістан облысында өзен, көлдер мен су қоймалары бақылауда Футзал: Қазақстан құрамасы елордада Беларусьпен кездеседі Теннис: Тимофей Скатов Нұр-Сұлтан турнирінің екінші айналымына шықты

Саттарханов даңғылының бойынан бой көтеретін ғимарат заман талабына сай, әрі шаһардың жаңарған келбетіне сәйкес салынбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа нысанның құрылысы жақын уақытта басталып, келер жылы пайдалануға берілмек. Аумағы 320 орындық болатын спорт кешенінде үлкен зал мен бірнеше жаттығу бөлмелері орналасады деп жоспарланған. «Желілік саябақ» бойында, бұрынғы орнынан қайта бой көтеретін зәулім кешеннің айналасы толық абаттандырылып, көгалдандырылады.

Бүгін облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жаңа спорт кешенінің жобасымен танысып, мақұлдады. Аймақ басшысы сондай-ақ, Түркістан қаласында атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтады. Құрылысшылармен кездесіп, алаңдарда сақтық пен карантин шарттарын күшейту керектігін ескертті. Қажет болған жағдайда тәулік бойғы жұмыс кестесіне көшуді тапсырды.

Облыс әкімі бұдан бөлек Түркістанда жаңадан салынып жатқан сәулеті ерекше мешіт құрылысымен де танысты. Қалаға кіреберісте әлемдегі озық тәжірибелерді ұштастырған еңселі мешіттің құрылысын Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев қолдаған.

Шығыстық нақышта жасалған Ислам орталығының 20 мың шаршы метр аумаққа жайғасқан. Жаңа ғибадат орнында 5 мың жамағат бір мезгілде сәждеге бас тигізіп, құлшылық ете алады. Діни ғимарат Ұлы Жібек жолы бойымен көне шаһарға келетін туристердің қызығушылығын арттыратын тағы бір нысан болмақ. Ақ мешітте мұсылмандық жораларды жасайтын орындар, конгресс-холл, неке сарайы, 400 орындық медресе, кітапхана, асхана салынады деп күтілуде. Ал, әкімшілік-іскерлік орталығында құрылыс жұмыстары жүріп жатқан 38 көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы қасбеті ашық түсті травертин мен ақшыл мәрмәр таспен қапталуда. Саттарханов даңғылының бойындағы тұрғын үйлер мен ғимараттардың сыртқы көрінісі бірыңғай стильде жаңартылуда.

Облыс әкімі «Желілік саябақтың» үшінші кезеңінің жұмысын да бақылады. 15 гектар аумақта 200-ге жуық жұмысшы мен 80 техника жұмылдырылған. Өмірзақ Шөкеев мәдени – рухани орталықтағы құрылыс басында болып, «Керуен сарай» тұрғын үй кешенінде атқарылып жатқан жұмыстар барысын аралап көрді. Алаңның аумағы жасыл желекке оранып, веложолдар салынуда. Жаяу жүргіншілерге ыңғайлы болуы үшін жарықшамдар мен орындықтар қойылып, көгал, су арнасы өткен демалыс аймағына айналмақ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT