Түркістан қаласында қоғамдық көліктер жаңартылуда

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан қаласында жолаушы тасымалдаушы мекемесі биыл 26 жаңа жаңа автобус сатып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан қаласындағы «Жолаушы» ЖШС тасымалдаушы мекемесі 270 қоғамдық көлікпен жолаушылар тасымалдау қызметін көрсетуде.

2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша аталған тасымалдаушы мекеме Yutong маркалы 8,5 метрлік 21 жаңа автобус сатып алған болатын. Ағымдағы жылдың қазан айында тағы 5 жаңа автобус сатып алынды. Жаңа автобустарда кондиционер, электрондық табло, жарнамалық монитор және камералар қарастырылған.

«Қаладағы қоғамдық көліктерді жаңарту арқылы жолаушыларға сапалы қызметтер көрсету, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту мәселелері оңтайлы шешілуде. Сондықтан, облыс орталығындағы қоғамдық көліктерді жаңарту бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғаса береді», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар