Түркістан қаласында жыл соңына дейін 1452 отбасы баспаналы болады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістан қаласында тұрғын үйлерді салып жатқан құрылысшылармен жүздесіп, жұмыс барысын тексерді. Аймақ басшысы жұмысшыларға сапаға мән беріп, абаттандыру және көгалдандыру барысын бақылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде Түркістан қаласы әкімшілік-іскерлік орталығында 89 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы мемлекеттік бюджет есебінен жүргізілуде. Биыл 7 қабатты 24 тұрғын үйді тапсыру жоспарланған. Жаңа баспаналардағы 450 пәтер кезекте тұрған әлеуметтік осал топтарға және көпбалалы отбасыларға, 1002 пәтер кезекте тұрған мемлекеттік қызметкерлеге кредиттік тұрғын үй ретінде берілмек.

Айта кетейік, Түркістан шаһарын көркейту мен экологиялық жағдайды жақсарту үшін қарқынды жұмыс жүріп жатқаны белгілі. Қалада халықаралық тәжірибе мен ең озық технологиялар қолданылады. Сондай-ақ, облыс орталығындағы көшелер мен демалыс орындарын көбейту және көгалдандыру жұмыстары 32 сектор бойынша ырғақты жүріп жатыр. Аудан, қала және басқарма басшылары жауапты барлық аумақтарда 250 мың ағаш көшеттері мен бұталар отырғызылды. Тұт ағашы, писсар өрігі, терек, арша, линден ағашы, қарағай, катальпа, талшын егілген.


Соңғы жаңалықтар