+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Түркістан облыстық жедел жәрдем қызметі 16 көлікпен толықты

2019 жылғы 19 қараша 21:11
Бөлісіңіз:
Түркістан облыстық жедел жәрдем қызметі 16 көлікпен толықты

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына толық жабдықталған, заманауи талапқа сай жаңа көліктер берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО: Денсаулық сақтау жүйесінде сатып алу алғаш рет электронды форматта жүргізілді Алматылық кардиологтар 69 жастағы әйелдің өмірін сақтап қалды Алматыда онкологтар америкалық технологияны қолданып 5 күрделі ота жасады

Салтанатты шараға облыс әкімінің орынбасары Жолдымұрат Аманбаев және облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшылығы мен медицина саласының қызметкерлері қатысты. Дамыған елдердің бір жоғары көрсеткіші - дер кезінде жететін жедел жәрдем.


Бүгінде облысымызда жедел жәрдем көрсету станциясы мен оған қарасты аудандық бөлімшелер қызмет көрсетеді. Адам өміріне бірден-бір жауапты сала ісі ілгері дамуы үшін бүгін 16 бірдей жедел жәрдем көлігі қолданысқа берілді. Жиыннан соң «Газель-NEXT» маркалы автокөліктер облыстық жедел жәрдем станциясының аудандық бөлімшелеріне жол тартты. Көліктер соңғы үлгідегі өкпені жасанды желдету аппаратымен, электрокардиограф, аспиратор және тағы да басқа аса қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Алдағы уақытта облыстың медицина саласын қосымша 26 арнайы көлікпен қамту жоспарлануда.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT