Түркістан облысы әкімдігінің қызметкері жемқорлық үшін сотталды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облыстық Мәдениет басқармасы қаржы бөлімінің басшысы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жемқорлық қылмысын жасағаны үшін күдікті болған өңірлік Мәдениет басқармасының қаржы және жоспарлау бөлімі басшысы Г.А. Нысанбековаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтаған болатын. Ол алдау және сенімге кіру арқылы «Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы» МКҚК директорының 2020 жылға бюджет тапсырысын бекіту үшін оның 150 мың теңге көлеміндегі қаражатын иемденген. Ағымдағы жылдың 20 қарашасында Түркістан қалалық сотының үкімімен Нысанбекова айыпты деп танылды. Оған өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айыру және 2,2 млн теңге айыппұл төлеу жазасы тағайындалды», - делінген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінде.

Соңғы жаңалықтар