Түркістан облысында 100 жер учаскесі арнайы қорға қайтарылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан қаласының прокуратурасы қала аумағында жер заңнамасының сақталуына талдау жүргізді. Нәтижесінде 100 жер учаскесі арнайы қорға қайтарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, қайтарылған жерлер игерусіз жатқан немесе жалдау мерзімі аяқталған.

«Енгізілген прокурорлық қадағалау актісінің негізінде арнайы қорға кадастырлық құны 135 млн теңге болатын түрлі санаттағы жер учаскелері қайтарылды», - делінген прокуратура мәліметінде.

Еске салайық, бұған дейін өңірдің бірқатар елді мекен тұрғындары жайылым жерсіз қалғаны туралы айтып, жергілікті билік пен құзырлы органдардан көмек сұраған болатын. Өткен жылдан бері 152 елді мекенде жайылым мәселесі өзекті екені анықталған. Жыл соңына дейін сол елді мекендерге 135 мың гектар жер қайтарылып, әкімдіктерге бекітіп берілді. Бұл жұмыстар биыл да жалғасын табады.

«2021 жылы облыс бойынша тек 25 ауыл округі толық жайылыммен қамтамасыз етілсе, 2022 жылдың басынан қазіргі таңда жайылыммен қамтамасыз етілген округтердің саны 70-ке жетіп отыр. Жалпы облыста 174 ауыл округі бар. Біздің межеміз 2025 жылға дейін осы елді мекендерді ортақ жайылыммен қамтамасыз ету», - дейді облыстық Жер қатынастары басқармасының басшысы Ерғали Тілеген.


Соңғы жаңалықтар