Түркістан облысында 40 мыңға жуық адам вакцина алды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысына ақпан айынан бері «Спутник V» вакцинасының 33 400 доза жеткізіліп, күні бүгінге дейін 33 400 адам 1 компонентті егілді. Екінші компонент 11 572 адамға салынды, деп хабарлайды, ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан қалалық емханасының бас дәрігері Райымбек Тасырбаевтың айтуынша, соңғы тәулікте облыста 27 адамнан COVID-19 індеті анықталған. Тәуліктік өсім 0,57 %. Жалпы облыста пандемия белең алғалы 4 712 адам вирус жұқтырып, мемлекеттік ПТР зертханаларының саны 10-ға дейін өсті. Коронавирус жұқтырған 300-ден аса науқас ауруханаға жатқызылса, екі адам жансақтау бөлімінде ем қабылдауда.

«Сәуір айының соңына дейін жалпы – 72 100 доза жеткізу жоспарланған. Вакцина сақтайтын қоймада көлемі 601 литр екі мұздатқыш жеткізілді. Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен көлемі 143 литр 20 мұздатқыш алынған. Вакцинация жүргізуге арналған 65 пункт толық тоңазытқышпен жабдықталған. Бұдан бөлек, вакцинаны тасымалдайтын көлемі 50 литр 38 термоконтейнер толық қамтамасыз етілген», - дейді Райымбек Тасырбаев.


Соңғы жаңалықтар