Түркістан облысында 6 мыңнан астам адамға 42 500 теңгеден жәрдемақы тағайындалды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында төтенше жағдай кезінде табысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алу үшін 1400-ге жуық азаматтан өтініш түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, 1400 өтініштің 88-і - жұмыс беруші, 538-і - жұмысшылар. Жалпы, түскен өтініштің 484-і мемлекеттік корпорацияға жіберілді, ал 794 өтініш кері қайтарылған. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан белсенді режимде 6321 адамға жәрдемақы тағайындалды. Қазіргі уақытта облыс бойынша барлығы 6530 өтініш берушіге әлеуметтік төлем тағайындалып отыр.

Әлеуметтік төлем алу үшін азаматтар өз өтініштерін Электронды үкімет порталы, TelegramBotKz2.0 қосымшасы, «Enbek.kz сайты арқылы «және« ERG» электрондық жүйелерінің көмегімен бере алады.

«Төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылуына байланысты әлеуметтік төлем белгілі санаттағы азаматтарға беріледі. Атап айтқанда, олардың қатарына жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген шағын және орта кәсіпкерлік нысандардың жұмыскерлері, карантин енгізілген елді мекендердегі ірі кәсіпорынның жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген қызметкерлері, жалдамалы еңбекті қолданбайтын дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, келісім-шартпен негізінде қызмет көрсететін, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын төлеген жеке тұлғалар, мемлекеттік ұйымдардан басқа, коммерциялық емес ұйымдарға жататын жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген жұмыскерлер жатады» делінген хабарламада.

Заң талаптарына сәйкес БЖТ төлеушілерді қоспағанда, төтенше жағдай енгізілген күнге дейін он екі ай ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуының бір де бір ай өтілі жоқ азаматтарға, өтініш берген күніне дейін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуының бір де бір ай өтілі жоқ адамдарға БЖТ төлеушілерге, төтенше жағдай енгізілген күнге дейін он екі ай ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуының бір де бір ай өтілі жоқ АҚС бойынша кіріс алатын жеке тұлғаларға әлеуметтік төлем тағайындалмайды.


Соңғы жаңалықтар