Түркістан облысында алаяқ әйел 2 млн теңгені қалтасына басқан

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Отырар ауданында алаяқтық жолмен бірнеше тұрғыннан 2 миллион теңгеден астам ақша алған әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жәбірленуші күдіктінің банктердің бірінен ірі көлемде несие алып беремін деп сеніміне кіріп, 720 мың теңгеден астам ақшасын заңсыз иемденіп кеткен.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті тұрғылықты мекенжайынан ұсталған. Ол қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

«Тергеу барысында жас келіншектің алаяқтықтың 5 қылмысына қатыстылығы анықталған. Осылайша жәбірленушілердің әрқайсысынан 225 - 720 мың теңге аралығында алаяқтық жолмен ақша алып жүргені белгілі болды. Қазіргі таңда ұсталған азаматшаның бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда», - делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар