+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Түркістан облысында базарлар мен қоғамдық тамақтану орындары демалыс күндері жабылады

2021 жылғы 21 шілде 18:21
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында базарлар мен қоғамдық тамақтану орындары демалыс күндері жабылады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында демалыс күндері карантиндік шектеу шаралары күшейтіледі. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде облыстық санитариялық–эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бақтыораз Елемесов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада демалыс күндері мекемелер мен кәсіпкерлік нысандар қалай жұмыс істейді Анталияда іссапармен жүрген қазақстандық медицина мамандары өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетті Семейде суға батқан қызды құтқарамын деп көз жұмған жеткіншектің ата-анасына медаль берілді

Бақтыораз Елемесовтың айтуынша, облыс эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша сары аймаққа енуіне байланысты сенбі және жексенбі күндері өңірдегі барлық қоғамдық тамақтану орындары, банкет залдары мен жазғы алаңдардың жұмыс істеуіне шектеу қойылған. Сондай-ақ, «Ашық» жобасына қатысқанына қарамастан балалар ойын алаңдары, сұлулық салондары, туристік нысандар, демалыс үйлері мен бассейндер өз жұмысын тоқтатады.

«Облыстық Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысына сәйкес, демалыс күндері қоғамдық көлік, балалар ойын алаңдары, аттракциондар, батуттар, сұлулық салондары, туристік базалар, демалыс үйлері, бассейндер, монша, сауналар, облысаралық және қалалық тұрақты емес тасымалдар, компьютерлік клубтар, караоке боулинг орталықтары да қызмет көрсетпейді. Демалыс күндері жұмысын тоқтататындардың қатарында ашық және жабық базарлар да бар. Осы ретте өңірде вакцина салдыру бойынша әлі де ұжымдық иммунитет қалыптаса қоймағанын айтқым келеді», – деді Б.Елемесов.

Сондай-ақ жаңа қаулығы сәйкес, демалыс күндері қоғамдық көлік тасымалы тоқтатылып, ашық және жабық базарлардың жұмысына тыйым салынады. Жаңа қаулы 22 шілде күнінен бастап күшіне енеді. Ал, вакциналау бойынша меншік нысанына қарамай өңірдегі барлық ұжым басшылары өз қызметкерлерінің 10 тамызға дейін екпенің 1-ші дозасын, ал 1 қыркүйекке дейін 2-ші компонентін алуды ұйымдастыру тапсырылды.

«Денсаулығы бола тұра коронавирусқа қарсы екпені алмаған азамат көзбе-көз, яғни офлаин режимдегі жұмыстан шеттетіледі. Бұл ең алдымен өзіңіздің және айналадағы адамдардың денсаулығына қауіп төндірмеу мақсатында еліміз бойынша барлық өңірде жүзеге асырылып жатқан жалпыға бірдей ереже. Өңірде вакцина салдыру қарқынын әлі де күшейтіп, ұжымдық иммунитет қалыптастыру керек. Бұны ел президентінен бастап, үкімет барлығы осы бағытта жұмыс істеп отыр»,- деді Бақтыораз Елемесов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT