+7 (701) 759 90 19
USD 432.21 EUR 520.38
RUB 5.67 CNY 66.59
Jańalyqtar

Түркістан облысында биыл 608,7 шақырым жол салынады

2021 жылғы 25 ақпан 16:28
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында биыл 608,7 шақырым жол салынады

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында ағымдағы жылы 608,7 шақырым жол салынады. Оған бюджеттен 19,9 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жоғалған 15 жасар қыз екі күннен кейін табылды -Түркістан облысы Алматыда жол сапасына бақылау күшейтіледі – Сағынтаев ШҚО-да жол сапасына тексеру жүргізіледі

«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» облыстық филиалының мәліметінше, бюджеттен бөлінетін қаржының жұмсалуы орталық тарапынан қатаң қадағаланады. Жолдың сапалы салынуын «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» қадағалайды. Өткен жылы орталық мамандары республикалық маңызы бар 33 нысанды бақылауға алған. 350 рет тексерісіке шығып, 511 кемшілік анықтаған. Жылжымалы зертхана көмегімен 328 сынама алынып, оның 20-ы нормативтерге сәйкес келмейтіні белгілі болған.

Нәтижесінде мердігерлер 55,0 млн теңгеге қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген. Жалпы өткен жылы өңірде автожол саласын дамытуға бюджеттен (54,8 млрд. Т) 55 млрдқа жуық теңге бөлінген. Жыл соңына дейін 1 525 шақырым жолда құрылыс-жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілген. Қалған 40 нысан, яғни 449,4 шақырым жол жұмысы биыл жалғасады деп жоспарланып отыр.

Айта кетейік, аймақта автомобиль жолдары мен елді мекендердегі көшелердің ұзындығы - 17 286,5 шақырым. Оның 733,1 –і республикалық маңызы бар болса, 4 152,2 - облыстық маңызы бар жолдар. Қалған 1 799,8 - аудандық маңызы бар жолдар саналады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT