Түркістан облысында екі балықшы Сырдарияға батып кетті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында балық аулауға шыққан екі жігіт Сырдария өзеніне батып кеткен. Олардың денесін іздестіруге Шымкенттен құтқарушылар шақырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Шымкент қалалық ТЖД мәліметінше, Отырар ауданының 36 және 37 жастағы балықшылары дарияға батып кеткенін Сарыкөл ауылының тұрғындары хабарлаған. Олар 7 шілдеде балық аулау кезінде шамамен сағат 18.00-де жоғалып кеткен. Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының 6 құтқарушысы қайығымен жеткен. Сондай-ақ, іздестіру жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 3 қызметкері мен жергілікті атқарушы органдарының 2 қызметкері және 50 шақты жергілікті тұрғын жұмылдырылған. Сүңгушілер балықшыларды 8 метр тереңдікте іздестіріп, түнгі сағат 22:00-де олардың қайықтары табылды. Екі күн бойы құтұқарушылар үздіксіз іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде 9 шілде сағат 11:20-да 36 жастағы ер адамды, 10 шілдеде сағат 09:21-де 37 жастағы балықшының мәйітін тапқан. Оны судан шығарып, туыстарына тапсырған.

Айта кетейік, шомылу маусымы басталғалы бері Шымкент қаласының құтқарушылары Түркістан облысында 14 рет суда іздестіру жүргізіп, суға батқан 11 адамды тапқан. Суға кеткендердің екеуі кәмелет жасына толмаған балалар.


Соңғы жаңалықтар