Түркістан облысында интернет алаяқтық қылмыс саны өсті

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында биылғы жылдың 10 айында интернет алаяқтық қылмысының 334 дерегі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі Мақсат Қалыбайұлы айтып өтті.
«Өткен жылдармен салыстырғанда Түркістан облысында интернет алаяқтығы 2,5 есеге артып отыр. Негізгі себеп - заману техникалардың артуы мен төлемдердің онлайн жасалуына байланысты көбеюде. Әлеуметтік желіде жеке тұлғалардың атынан акаунттар ашып, таныстарынан, туыстарынан ақша сұрау, жарнамалық сайттар арқылы алдын ала төлем сұрату және өзін банк қызметкері ретінде таныстыратын алаяқтар көбейген. Сондықтан тұрғындар жеке мәліметтерін желіге жарияламау керек», - дейді Мақсат Қалыбайұлы.
Жалпы биылғы жылы интернет алаяқтыққа қатысы бар 144 ісі сотқа жолданған.


Соңғы жаңалықтар