Түркістан облысында «Қамқорлық» жобасы іске қосылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен қолға алынған «Қамқорлық» жобасы жүзеге аса бастады.

Өңір басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірдің барлық аудан, ауылдарындағы көмекке мұқтаж жандарға нақты көмектер көрсетілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, аймақ басшысы аудан-қала әкімдері мен облыстық «Nur Otan» партиясы филиалдарына белсенді жұмысқа көшуді тапсырған болатын. Қайырымды іске жергілікті депутаттар мен демеушілер де атсалыса бастады.


Нәтижесінде жаңа бағдарламасы аясында Келес, Жетісай, Мақтаарал мен Қазығұрт аудандарындағы тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетіле бастады. Аудан, ауыл әкімдері мен облыстық «Nur Otan» партиясы филиалдарының жетекшілері тұрғындармен жеке-жеке жұмыс жүргізіп, олардың үйлеріне арнайы барды. Әр азаматтың талап-тілегі мен мұқтаждығын анықтап, әр отбасына азық-түлік себеттерін табыстады.

Тұрғындардың тұрып жатқан үйінің бітпей тұрған тұстарына және айналасындағы тазалық жұмыстарына арнайы еріктілер тобы жұмылдырылды.

Сала мамандарының сөзінше, жаңа бағдарлама мемлекет тарапынан берілетін жәрдемақы мен көмектен бөлек жүзеге асатын болады. Тұрмыс тауқыметін тартқан жандарға жан-жақты қамқорлық көрсету арқылы, оларға кедейлік шеңберінен шығуға мүмкіндік береді.

Еңбекке қауқарлы азаматтарды жұмыспен қамтуға жағдай жасалады. Мұндай отбасыларды анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, оның құрамына ауыл ақсақалдары мен жергілікті белсенділер кірді. Әр ауданда шамамен 100-ден астам отбасы көмекке зәру екені анықталған. Облыс бойынша олардың жалпы саны 2 мыңға жуықтайды.





Соңғы жаңалықтар