Түркістан облысында МӘМС жүйесіне тұрғындардың 91,6 пайызы қатысады

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Елімізде МӘМС жүйесі шеңберінде халықты медициналық көмекпен қамту деңгейі 95%-дан асады деп болжануда. Түркістан облысы бойынша бұл көрсеткіш - 91,6% пайызды құрамақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірдегі медициналық ұйымдар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға толығымен дайын. Аймақта 2020 жылға МӘМС қоры 73 өнім берушімен шарт жасасқан болса, оның ішінде мемлекеттік - 40 (51,3%) және жеке - 33 (48,7%) құраған. Ал, Түркістан облысы бойынша бірыңғай жиынтық төлемін төлеушілер қатары 402 300 адамға жетті. Бүгінде төлемдер жасау үшін өңірде 40 мемлекеттік медициналық ұйымда терминал қойылған.

Айта кетерлігі, бірыңғай жиынтық төлемінің көлемі қала тұрғындары үшін 1 АЕК – 2 651 теңге, ауылдық мекендер үшін айына 0,5 АЕК – 1326 теңге, оған барлық салықтар мен төлемдер кіреді. Тұрғындардың жаңа жүйеге қатысты сұрақтары болса, 1406 нөміріне қоңырау шалып, онда қажетті ақпараттар пен кеңестер алуға болады.

Еске салайық, ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін елдің барлық тұрғындары шартты түрде сақтандырылған болып саналады. Олар ТМККК пакеті мен МӘМС пакетіне кіретін медициналық қызметтерді тегін ала алады. Осы кезеңде азаматтар өздерінің сақтандыру мәртебесін анықтап, міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушы болуы керек. Сондықтан да әрбір адам өз статусын анықтап алуы міндеттеледі. Егер азамат сақтандырылмаған болса, өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар МӘМС жарнасын өзіне төлеуіне болады. Банк жасап шығарған төлем терминалдары арқылы жүйеге жылдам кіруге болатын тетіктер бар.


Соңғы жаңалықтар