Түркістан облысында мемлекеттік қызметтер сапасы қандай

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірлік департаменті жанындағы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқосуға облыс әкімінің аппарат басшысының орынбасары И. Досходжаев пен басқарма басшылары, аудан-қала әкімі аппарат басшылары қатысты.

Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына жүргізген қоғамдық мониторингтің нәтижелері мен Елбасы Жолдауында мемлекеттік қызметтерді электронды форматқа көшіруді 2020 жылы 90%-ға жеткізу бойынша атқарылатын шаралар туралы баяндалды.

Бұдан бөлек, Кентау қаласы әкімінің орынбасары Б. Әлімбетов департамент жүргізген профилактикалық бақылау нәтижесінде орын алған кемшіліктер бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Сондай-ақ, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Н. Нурашов 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап берілген атаулы әлеуметтік көмектің жаңа моделі туралы есеп берді.

Нәтижесінде күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті мемлекеттік органдарға нақты ұсыныстар енгізілді.


Соңғы жаңалықтар