Түркістан облысында мұқтаж отбасыларға 1,9 млрд теңгеге материалдық көмек көрсетілген

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында өткен жылы «Nur Otan» партиясының бастамасымен «Birgemiz» қоғамдық қоры арқылы 38,9 мың азаматтқа 1,9 млрд теңгеге материалдық көмек көрсетілген. Осы сынды әлеуметтік қолдау шараларының нәтижесі дағдарыс кезінде халықтың табысының күрт төмендемеуіне, жұмыссыздық деңгейін 5,2%-дан өспеуіне әсер еткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін ел алдында онлайн есеп берген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірде дағдарысқа қарсы шаралар ретінде «Жұмыспен қамтудың жол картасын» іске асыру нәтижесімен 27 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылғанін мәлім етті.

«Жалпы, өткен жылы облыста халықтың өмір сапасын жақсарту, өңірдің әлеуметтік-экономикасын дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жасалды, алдымызға іске асыруға тағы да көлемді міндеттер қойып отырмыз. Өздеріңіз білетіндей облысымыз туу көрсеткіші бойынша алдыңғы қатарда. Сондықтан әлеуметтік сала басты назарда. Биыл 52,4 мың отбасына немесе 290 мыңға жуық адамға атаулы әлеуметтік көмек үшін 26,1 млрд. теңге бағытталады. 18 жасқа дейінгі балаларға жалпы сомасы 13,7 млрд. теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік пакет қаражаты бөлінеді. Мүгедектігі бар азаматтарды оңалтудың жеке бағдарламаларының орындалуын 85 % жеткізу көзделген»,-деді облыс әкімі өз сөзінде.

Айта кетейік, Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» көпфункционалды концерт залында өтіп жатқан облыс әкімінің есептік кездесуі Түркістан облысы әкімдігінің YouTube каналы мен ресми сайтында және Facebook парақшасында онлайн-режимде көрсетілді.

Бұдан өзге, барлық аудан, қалалардың тұрғындарына облыс әкіміне тікелей ұсыныс-пікірлерін білдіріп, сауалдарын қою мүмкіндігі қамтамасыз етілген.

Интерактивті онлайн-режимде қосылған халықтың өтінім-ұсыныстарына заң аясында жауап берілмек.


Соңғы жаңалықтар