Түркістан облысында негізгі капиталға салынған инвестиция 1,6 трлн теңгеден асып түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Соңғы үш жылда Түркістан облысында негізгі капиталға салынған инвестиция 1,6 трн теңгеден асып түсті.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үш жылдықты 2025 жылға дейін облысты дамытудың жаңа кешенді жоспарының қабылдануымен атап өтіп жатырмыз. Барлық қорытындыларды қараған Үкімет болашақ қала үшін негіз іс жүзінде қалыптасты деп санады. Мәдени-рухани орталық нысандарының басым бөлігі салынды. Әкімшілік орталық барынша үлкен қарқынмен дамып келеді. Қаланың инфрақұрылымы бас жоспарда көзделген перспективаға сай қалыптастырылған. Сондықтан қаланы дамытудың жаңа кезеңін бастау қажет», - деді облыс әкімі.

Оның атап өтуінше, үш жылдың ішіндегі өңірдің даму қорытындысына сәйкес, Түркістан облысын құру және Шымкентті республикалық маңызы бар қала ретінде бөлу стратегиялық шешімнің сәтті болғандығын көруге болады.

«Екі өңір де дамудың тың серпініне ие болды. Егер 2018 жылмен салыстырар болсақ, осы жылдардың ішінде облыстың өңірлік ішкі өнімі 41 пайызға артып, 2,4 трн теңгені құрады. Өнеркәсіп өнімі 18 пайызға, ауыл шаруашылығы өнімі 34 пайызға артты. Ең бастысы соңғы 3 жылдың ішінде негізгі капиталға салынған инвестиция 2,6 пайызға өсіп, 1 трлн 600 млрд теңгеге жетті», - деді Өмірзақ Шөкеев.


Соңғы жаңалықтар