Түркістан облысында облыстық маңызы бар бірқатар жолдар жабылды

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – Түркістан облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы тоқтатылды. Әсіресе Ордабасы ауданы аумағындағы «Түркістан-Шымкент» тас жолының айналма жолы жабылып, көлік кептелісі туындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Ордабасы АПБ жеке құрамының күшімен жолдарды тазарту және жолда қалып қойған автокөліктер мен адамдарға көмек көрсету жұмыстары атқарылуда. Қазіргі таңда автокөліктің барлық түрлері үшін А-2 «Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент» Республикалық маңызы бар а/ж 654 шақырымында, Түлкібас ауданының Машат ауылы тұсында жол жабылған.

Сондай-ақ, облыстық маңызы бар ШҚ-56 «Жамбыл-Құмкент-Шолаққорған-Ащысай» а/ж 44-124 шақырымындағы учаскесінде барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс жабылған.

Бәйдібек ауданындағы ШҚ - 1, Қошқарата-Жарықбас-Бірлік облыстық маңызы бар жолдарда қозғалыс уақытша тоқтатылды және Ордабасы ауданы Шұбар ауданындағы М-32, Самара-Шымкент тас жолдарында қозғалыс шектелген.

Бұған дейін Созақ ауданында баратын облыстық маңызы бар ШҚ-2 «Ұланбел-Созақ-Екпінді»а/ж 576-623 км учаскесінде қозғалыс жабылғанын хабарлаған болатынбыз.

Өңірдің полицейлері тәулік бойы кезешілік ұйымдастырып, жолда қалған көліктер мен жолаушыларға қол ұшын созуда.


Соңғы жаңалықтар