Түркістан облысында полицейлер арасында волейболдан турнир өтті

None
None
ЖЕТІСАЙ. ҚазАқпарат – Түркістан облысының полицейлері арасында  волейболдан турнир  өтті. Жетісай АПБ-і  ұйымдастырған спорттық іс-шара ішкі істер органында қызмет атқарып қайтыс болған полиция майоры Ахметов Сәлкен Сейітұлын еке алуға арналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған облыстық турнирге Түлкібас, Сайрам, Бәйдібек, Сарыағаш, Шардара, Қазығұрт, Жетісай аудандарынан және Шымкент қаласынан «Водоканал», «Шығыс», «Ардагер» секілді командалары, яғни жалпы есеппен 12-команда қатысты.

Алты сағатқа созылған сайыста командалар бір-біріне дес бермей, өздерінің мықтылықтарын көрсетті. Нәтижесінде, 1-орынды Жетісай АПБ, 2-орынды Сайрам АПБ-нен келген командалар иеленді. Ал, 3-орын Бәйдібек АПБ-нен келген полицейлер командасына бұйырды.

Жеңімпаздар арнайы «Алғыс хатпен» және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, ойын барысында өздерінің кәсібилігін көрсеткен және белсенділік танытқан ардагер полицейлерге де түрлі номинациялар бойынша алғыс хаттар табысталды. Тәртіп сақшыларының спортқа деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық рухты көтеретін жарыс осылайша өз мәресіне жетті.

Айта кетейік, спорттық іс-шара полицейлер арасында достық қарым-қатынасты күшейту, күнделікті қызметтен бөлек тұрақты түрде спортпен шұғылдану, салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Бастысы еліне адал қызметін атқарған полицейлерді ұрпаққа таныту болмақ.

Соңғы жаңалықтар