Түркістан облысында суға кеткендердің тең жартысынан астамы - балалар

None
None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында жыл басынан бері 8 адам суға кетіп, ажал құшқын. Олардың алтауы - балалар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ТЖД бастығының орынбасары Ерік Сарыбаевтың айтуынша, өткен жылмен салыстырғанда өңірде қайғылы оқиғалар саны 37,5% - ға артқан.

«Қаңтар айында Шардара ауданы, Ұзын ата ауылында тұратын бір отбасының үш баласы «Восточный коллектор» каналына ағып кеткен. Тағы үш жағдай Жетісай ауданында, екі жағдай Арыс қаласы мен Қазығұрт ауданында орын алып отыр. Суда қаза болудың негізгі себептері - ішімдік ішу, балалардың ата-анасының қарауынсыз қалуы. Облыстың су айдындарында 44 ескерту және тыйым салу белгілері орнатылған. Соған қарамастан, суға бату оқиғалары көбейіп отыр», - дейді Ерік Сарыбаев.


Соңғы жаңалықтар