+7 (701) 759 90 19
USD 447.60 EUR 489.41
RUB 5.71 CNY 63.05
Jańalyqtar

Түркістан облысында тұрғындардың 56,7%-ы газбен қамтылған

2020 жылғы 21 ақпан 12:59
Бөлісіңіз:
Түркістан облысында тұрғындардың 56,7%-ы газбен қамтылған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысында өткен жылдың қорытындысы бойынша 1,1 млн. халық, жалпы өңір тұрғындардың 56,7%-ы табиғи газбен қамтылды, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Оңтүстік Африка елшісі Атырау мұнай өңдеу зауытының жұмысымен танысты Мағзұм Мырзағалиев таяу жылдары таусылатын кен орындарын атады Шымкентте биыл 13 елді мекеннің ауызсу мәселесі шешіледі - қала әкімі

2020 жылы 25 нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Биыл облыс бойынша 21 нысанның құрылысы аяқталып, 154 мың тұрғын табиғи газбен қамтылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Энергетика жəне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Игорь Алексеев мәлімдеді.

Оның айтуынша, биыл облыс бойынша жалпы 423 елді мекен немесе 1,2 млн халық /64,4 %/ табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады.

«Облыс орталығы Түркістан қаласының тұрғындары биыл 50 пайыз газбен қамтылса, 2021 жылы толық барлық үйлер мен ғимараттарға көгілдір отын кіретін болады. Облыс әкімдігімен «Түркістан облысын газбен қамтамасыз етудің іс-шара жоспары» бекітілген. Жоспарға сәйкес, 2026 жылға дейін облыс елді мекендерін 100% газбен қамтамасыз ету жоспарлануда», - деді басқарма басшысы.


2019 жылы электрмен қамтамасыз ету саласы бойынша жылдың қорытындысымен облыста 10 мың халық тұратын 4 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылды.

Ал ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында су құбыры мүлдем жоқ 40 мың халық тұратын 43 елді мекенге жаңа ауыз су құбырлары салынып, 12 елді мекеннің тозығы жеткен ауыз су жүйелері жаңартылды. Нәтижесінде, ауыз сумен қамту деңгейі 80%-ды құрап, 671 елді мекен таза ауыз су пайдалануда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT