Түркістан облысында ұрылар су құбырының 80 қақпағын ұрлап кеткен

None
None
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Сайрам аудандық полиция бөліміне белгілі фирма басшысынан арыз келіп түскен. Онда мекемеге тиесілі 80 дана су құбырының қақпақтарын 1 айға жуық уақыт ішінде белгісіз тұлғалар ұрлап кеткені айтылған, деп хабарлайды Түркістан облыстық Полиция департаментің баспасөз қызметі.

Әрқайсысының құны 13 000 теңге болатын қақпақтар үшін жәбірленуші мекемеге келтірілген шығын көлемі 1 миллион теңгеден асады.

Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы (ұрлық) бойынша тіркеледі. Орын алған мүлік ұрлығын ашу мақсатында Сайрам АПБ криминалды полиция бөлімі, жергілікті полиция қызметі, учаскелік полиция инспекторлары қызметкерлерінен арнайы топ құрылып, олар шұғыл іске кірісті.

Жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Ұрлыққа бейім азаматтарды тексеріп, жақын аймақтарды аралады, көрген-білгендерден сұрастырды. Нәтижесінде, бейнекамерадан күдіктілердің бейнесі табылып, күдіктілердің екеуі ұсталды. Үшіншісі іздестірілуде. Күдіктілер жергілікті тұрғындар болып шықты.

Тергеу барысында күдіктілердің біреуі қамауға алынып, екінші сыбайласынан қолхат алынды. Белгілі болғандай, күдіктілер кез-келген көшедегі су құбырының қақпақтарын ұрлап әкетіп, темір алатын орындарға бөліп-бөліп, сындырып сатып отырған. Ақшасын өз қажеттілігіне жаратқан. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар